Тікелей эфир

Қазақстанның оңтүстігінде екі теміржолшы пойыздың астына түсіп, қаза тапты

Жүргізуші апаттық тежегішті басқанымен, кеш болды.

Қазақстанның оңтүстігінде таңертең ерте екі теміржолшы пойыздың астында қалды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" хабарлады.

Қайғылы оқиға Шығанақ-Шу теміржол учаскесінің Жиделі және Берлік стансаларының арасында болған.

"Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқан, бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмады. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ұлттық теміржол операторынан комиссия шықты", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені басып кетті


Ұлттық компания оқиғаға қатысты тергеуді бастап, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары