Тікелей эфир

Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені басып кетті

Тепловоз машинисі шұғыл тежеу тетігін іске қосқанымен, пойыз тоқтап үлгермеген.

Атырау облысында "Волгоград-Ташкент" бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы 5 түйені басып кетті. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 13 қаңтарда болған.

"Жылыой ауданындағы Құлсары теміржол стансасының машинисі шұғыл тежеу тетігін іске қосқан. Бұған теміржол бойында бірнеше түйенің жүргені себеп болған. Жолаушылар пойызы тоқтап үлгермей, бес түйені басып кетті. Түлік иесінің теміржол бойында мал жаюы – заңсыз әрекет. Сол себепті, мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астанада бес қаламаңы электр пойызы уақытша "Нұрлы жол" станциясынан жөнелтіледі


Шұғыл тежеу ​​және жануарлармен соқтығыстың салдарынан пойыздар ұзақ тұрып қалған.

"Локомотивтер зақымданып, шығынға ұшырады. Осыған байланысты көліктегі полиция департаменті үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын ескеріп, теміржол маңында мал жаюда сақ болуды ескертеді", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары