2022 жылдың қаңтар айында 186,1 млрд теңгеге мал шаруашылығы өнімі өндірілді. Физикалық көлем индексі 101,6%-ды құрады, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Өңірлер бойынша Алматы облысы алда келеді. Биыл 30,1 млрд теңгеге өнім өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% көп. Үздік үштікке Түркістан және Ақмола облыстары кірді.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3,1 трлн теңгеге мал шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3,6% көп.

Биыл 1 ақпанда елдегі жылқы саны бір жыл ішінде 11,3%, 3,4 миллион басқа дейін өсті. Сондай-ақ:

  • құс – 9,2%, 47,3 млн;
  • түйе – 7,5%, 241,5 млн;
  • қой – 4,5%, 18,5 млн;
  • сиыр – 5,4% 4,2 млн басқа дейін өсті.

Шошқа саны керісінше – 2,6%, 823,3 басқа дейін және қозы саны – 1,2%, 2,3 млн басқа дейін кеміді.


Оқи отырыңыз: Иті мен мысығын тіркемеген азаматтарға 30 мың теңге айыппұл салынады 


Қаңтар айында тауық жұмыртқасы өндірісінің өскені байқалады – бір жылда 18,4%, 369,7 млн данаға дейін. Ал сүт өндірісі 259,3 мың тоннаны құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5% көп.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда мал мен құс еті 11,3% қымбаттады. Сондай-ақ:

  • қой еті – 15,4%;
  • жылқы еті – 11,8%;
  • шошқа еті – 10,2%;
  • сиыр еті – 8,3%.

Пісірілген шұжық – 7,2%, ал жартылай кептірілген 9,1% қымбаттады.

ҚР дүкендері мен базарында сиыр етінің орташа бағасы – 2,2 мың теңге. Мұнымен қатар:

  • қой еті – 2,4 мың теңге;
  • шошқа еті – 1,9 мың теңге;
  • жылқы еті – 2,6 мың теңгеден сатылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің айлығы орташа жалақыдан 40 пайыз төмен 


Пісірілген шұжықтың орташа бағасы – 2,2 мың теңге, ал жартылай кептірілген шұжықтікі – 2,6 мың теңге.

Еске салсақ, құс фабрикаларының жабылудың алдында тұрғаны туралы хабарлаған едік. Қазақстанның құс өсірушілер одағы субсидиясыз көптеген құс фабрикалары банкрот болуы мүмкін дейді.