2022 жылдың қаңтар айында 186,1 млрд теңгеге мал шаруашылығы өнімі өндірілді. Физикалық көлем индексі 101,6%-ды құрады, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Өңірлер бойынша Алматы облысы алда келеді. Биыл 30,1 млрд теңгеге өнім өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% көп. Үздік үштікке Түркістан және Ақмола облыстары кірді.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3,1 трлн теңгеге мал шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3,6% көп.
Биыл 1 ақпанда елдегі жылқы саны бір жыл ішінде 11,3%, 3,4 миллион басқа дейін өсті. Сондай-ақ:
- құс – 9,2%, 47,3 млн;
- түйе – 7,5%, 241,5 млн;
- қой – 4,5%, 18,5 млн;
- сиыр – 5,4% 4,2 млн басқа дейін өсті.
Шошқа саны керісінше – 2,6%, 823,3 басқа дейін және қозы саны – 1,2%, 2,3 млн басқа дейін кеміді.
Оқи отырыңыз: Иті мен мысығын тіркемеген азаматтарға 30 мың теңге айыппұл салынады
Қаңтар айында тауық жұмыртқасы өндірісінің өскені байқалады – бір жылда 18,4%, 369,7 млн данаға дейін. Ал сүт өндірісі 259,3 мың тоннаны құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5% көп.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда мал мен құс еті 11,3% қымбаттады. Сондай-ақ:
- қой еті – 15,4%;
- жылқы еті – 11,8%;
- шошқа еті – 10,2%;
- сиыр еті – 8,3%.
Пісірілген шұжық – 7,2%, ал жартылай кептірілген 9,1% қымбаттады.
ҚР дүкендері мен базарында сиыр етінің орташа бағасы – 2,2 мың теңге. Мұнымен қатар:
- қой еті – 2,4 мың теңге;
- шошқа еті – 1,9 мың теңге;
- жылқы еті – 2,6 мың теңгеден сатылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің айлығы орташа жалақыдан 40 пайыз төмен
Пісірілген шұжықтың орташа бағасы – 2,2 мың теңге, ал жартылай кептірілген шұжықтікі – 2,6 мың теңге.
Еске салсақ, құс фабрикаларының жабылудың алдында тұрғаны туралы хабарлаған едік. Қазақстанның құс өсірушілер одағы субсидиясыз көптеген құс фабрикалары банкрот болуы мүмкін дейді.