Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 4% өсті. Осы кезеңде жалпы Қазақстан бойынша 9% өскен еді, деп хабарлайды finprom.kz сайты.
2021 жылдың төртінші тоқсанында ҚР-дағы орташа жалақы 275,6 мың теңгені құрады. Ең төмен жалақыны ауыл, орман және балық шаруашылығындағылар алған: 167,3 мың теңге. Бұл көрсеткіш мемлекет бойынша 39,3% төмен.
2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлер жалақысының сатып алу қабілеті екі есе – 8,7%дан 4,2%ға дейін төмендеген.
Агроөнеркәсіп кешенінде орташа жалақы сегментке байланысты әртүрлі. Ең жоғары жалақы орман шаруашылығы және ағаш кесумен айналысатындарда: 212,5 мың теңге. Бұдан кейінгі орында өсімдік пен мал шаруашылығы – небәрі 166,2 мың теңге. Ал балық аулау мен аквамәдениетте – тек 98,6 мың теңге.
Оқи отырыңыз:
Жалпы ҚР бойынша, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысы Маңғыстау облысында 42,5 мың теңгеден басталып, астанада 307,6 мың теңгеге дейін барады.
2021 жылдың төртінші тоқсанында аталған салалардағы қызметкерлер саны 68,9 мың адамға жетті. Олардың ішінде 66,1 мың адам өсімдік және мал шаруашылығы саласында қызмет етеді. 2,3 мың адам – орман мен ағаш кесу, шамамен 500 адам балық аулау және аквамәдениет.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сектордағы орташа жалақы 150 мың теңгені құрады. 2020 жылмен салыстырғанда жалақының сатып алу қабілеті 5,9% болды.