Қазақстанда жылдық инфляция 13,1 пайызға өсті. Тамыз айында бағалар қалай өзгерді?
Бір айда азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ.Ұлттық бюроның мәліметінше, биыл тамыз айында инфляция 0,7%-ды, ал жылдық есепте 13,1%-ды құрады.
Бір айда ақылы қызметтер 1,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% қымбаттаса, азық-түлік тауарлары өзгеріссіз қалған.
Инфляция деңгейінің өсуіне негізгі үлесті коммуналдық қызметтер тарифтері қосты:
- су бұру бойынша – 18%-ға;
- суық су – 13,1%-ға;
- ыстық су – 7,8%-ға;
- электр энергиясы – 6,7%-ға;
- тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 5,5%-ға;
- қоқыс жинау, тұрғын үйлерді күтіп ұстау – 1,3%-ға.
Азық-түлік тауарларының бойынша мына өнімдерде баға өсті:
- күріш – 2,1%;
- шошқа еті – 1,2%;
- сүт консервілері – 1,1%;
- ауыз сүт, сиыр еті – 0,6% өсті.
Оқи отырыңыз: Экономикасы Қазақстанға ұқсас Чили инфляцияны қалай ауыздықтады?
Бір айда бағасы арзандаған өнімдер:
жаңа піскен көкөністер – 6,1%-ға;
картоп – 4%-ға;
күнбағыс майы – 2,3%-ға;
қарақұмық – 2%;
түйіршіктелген қант – 1,8%-ға.