Тікелей эфир

Қазақстанда жылдық инфляция 13,1 пайызға өсті. Тамыз айында бағалар қалай өзгерді?

Бір айда азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Ұлттық бюроның мәліметінше, биыл тамыз айында инфляция 0,7%-ды, ал жылдық есепте 13,1%-ды құрады.

Бір айда ақылы қызметтер 1,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% қымбаттаса, азық-түлік тауарлары өзгеріссіз қалған.

Инфляция деңгейінің өсуіне негізгі үлесті коммуналдық қызметтер тарифтері қосты:

  • су бұру бойынша – 18%-ға;
  • суық су – 13,1%-ға;
  • ыстық су – 7,8%-ға;
  • электр энергиясы – 6,7%-ға;
  • тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 5,5%-ға;
  • қоқыс жинау, тұрғын үйлерді күтіп ұстау – 1,3%-ға.

Азық-түлік тауарларының бойынша мына өнімдерде баға өсті:

  • күріш – 2,1%;
  • шошқа еті – 1,2%;
  • сүт консервілері – 1,1%;
  • ауыз сүт, сиыр еті – 0,6% өсті.

Оқи отырыңыз: Экономикасы Қазақстанға ұқсас Чили инфляцияны қалай ауыздықтады?


Бір айда бағасы арзандаған өнімдер:

жаңа піскен көкөністер – 6,1%-ға;

картоп – 4%-ға;

күнбағыс майы – 2,3%-ға;

қарақұмық – 2%;

түйіршіктелген қант – 1,8%-ға.

Серіктестер жаңалықтары