Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдардың төрт учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ хабарлады.

Келесі жол бөліктерінде шектеулер енгізілді:

  • Жетісу облысында 1 жол учаскесі
    "Ұшарал – Достық" 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;
    Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
  • Ақмола облысында 1 жол учаскесі
    "Екатеринбург – Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.;
    Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.
  • Қарағанды облысында 2 жол учаскесі
    "Екатеринбург – Алматы".1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
    Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды


Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.