Тікелей эфир

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тас жолдың төрт бөлігі жабылды

Республикалық маңызы бар жолдарда 703 бірлік техника жолды тазартумен айналысуда.

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдардың төрт учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ хабарлады.

Келесі жол бөліктерінде шектеулер енгізілді:

  • Жетісу облысында 1 жол учаскесі
    "Ұшарал – Достық" 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;
    Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
  • Ақмола облысында 1 жол учаскесі
    "Екатеринбург – Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.;
    Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.
  • Қарағанды облысында 2 жол учаскесі
    "Екатеринбург – Алматы".1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
    Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды


Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.

Серіктестер жаңалықтары