Тікелей эфир

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Республикалық маңызы бар автожолдарды ашуға 550 арнайы техника мен 1340 жолшы жұмылдырылды.

Сағат 13.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 16 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

"Республикалық маңызы бар автожол желісі бойынша 1774 шақырымға шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта, республикалық маңызы бар автожолдарды ашуға 550 арнайы техника мен 1340 жолшы жұмылдырылды", – деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Алматы облысында – 1 учаске (84 км). "Алматы – Ташкент – Термез", а/ж Жаңақұрылыс а. – Жамбыл обл шек. – 84 км.

Жамбыл облысында – 11 учаске (1 103 км). Соның ішінде автокөліктің барлық түріне шектеу:

  • "Алматы – Ташкент – Термез", Айша-Бибі а. – Түркістан обл. шек. – 59 км;
  • "Меркі – Шу – Бурылбайтал", Бейназар а. – Бурылбайтал а. – 107 км;
  • "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а.-Қайнар а. (жаңа Қордай өткелі) – 95 км;
  • "Алматы – Ташкент – Термез", Қайнар а. – Меркі а. – 117 км;
  • "Шу-Қайнар" – 56 км;
  • "Қордай-Қайнар" – 24 км.

Дизель отынымен жабдықталған барлық автокөліктерге шектеу:

  • "Алматы – Ташкент – Термез", Кенен а. – Қордай а. – Қайнар а. (ескі Қордай өткелі) – 101 км;
  • "Ескі Күйік өткелі" – 11 км;
  • "Тараз қаласының жаңа айналма жолы" – 58 км;
  • "Мерке – Шу – Бурылбайтал", Мерке а. – Бейназар а. – 266 км;
  • "Екатеринбург – Алматы" Қарағанды обл. шек. – Алматы обл.шек – 209 км.

Жетісу облысында – 2 учаске (145 км). Автокөліктің барлық түріне шектеу:

  • "Үшарал – Достық" а/ж, Көктұма – Достық ст. – 100 км;
  • "Сарыөзек – Көктал" а/ж, Сарыөзек а. – Алтын Емел өткелі – 45 км.

Маңғыстау облысында – 1 учаске (380 км). "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" а/ж, Бейнеу а. – Жетібай а. – 380 км. Автокөліктің барлық түріне шектеу.

Түркістан облысында – 1 учаске (62 км). "Алматы – Ташкент – Термез" а/ж, Машат а. – Жамбыл обл. шек. – 62 км. Автокөліктің барлық түріне шектеу.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары