"Жаңа баспана 8/15" тұрғын үй бағдарламасына 2022 жылғы мамырда 700, маусымда 360 және шілде-тамыз айларында 935 адамнан өтінім қабылданған. Олар 15% бастапқы жарна және 8% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй ипотекасын алады.

Осы орайда, Отбасы банкі Іnstagram желісінде бұл бағдарламаға үлгермеген қазақстандықтар үшін кезекке тұрмай-ақ және конкурсқа қатыспай-ақ ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді. Бірақ, бұл үшін үміткердің Отбасы банкінде алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде жинағы болуы шарт. Алайда, жылдық пайыздық мөлшерлемесі біршама төмен – 6%. 

Мұндай азаматтар "Жаңа баспана 6/50" бағдарламасы аясында ипотека ала алады.


Оқи отырыңыз: "Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады


Оған қатысу талаптары:

  • тұрғын үй төлемдерін алушы болу;
  • депозитте тұрғын үй сомасының 50 пайызы болуы тиіс;
  • тұрғын үй тауып, банкке құжаттармен келу.

Қандай баспана сатып алуға болады?⠀

  • алғашқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй;
  • үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй;
  • тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда).

Негізгі шарттары:⠀

  • бастапқы жарна – 50%;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 6% (СЖТМ 6,2 пайыздан бастап);
  • келесі 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі тұрғын үй несиесіне ауысу мүмкіндігі қарастырылған;
  • несие сомасы – 100 млн теңгеге дейін;
  • несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Оқи отырыңыз: Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу