"Жаңа баспана 8/15" тұрғын үй бағдарламасына 2022 жылғы мамырда 700, маусымда 360 және шілде-тамыз айларында 935 адамнан өтінім қабылданған. Олар 15% бастапқы жарна және 8% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй ипотекасын алады.
Осы орайда, Отбасы банкі Іnstagram желісінде бұл бағдарламаға үлгермеген қазақстандықтар үшін кезекке тұрмай-ақ және конкурсқа қатыспай-ақ ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді. Бірақ, бұл үшін үміткердің Отбасы банкінде алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде жинағы болуы шарт. Алайда, жылдық пайыздық мөлшерлемесі біршама төмен – 6%.
Мұндай азаматтар "Жаңа баспана 6/50" бағдарламасы аясында ипотека ала алады.
Оқи отырыңыз: "Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
Оған қатысу талаптары:
- тұрғын үй төлемдерін алушы болу;
- депозитте тұрғын үй сомасының 50 пайызы болуы тиіс;
- тұрғын үй тауып, банкке құжаттармен келу.
Қандай баспана сатып алуға болады?⠀
- алғашқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй;
- үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй;
- тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда).
Негізгі шарттары:⠀
- бастапқы жарна – 50%;
- сыйақы мөлшерлемесі – 6% (СЖТМ 6,2 пайыздан бастап);
- келесі 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі тұрғын үй несиесіне ауысу мүмкіндігі қарастырылған;
- несие сомасы – 100 млн теңгеге дейін;
- несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін.
Оқи отырыңыз: Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу