Өңірлік "Атырау жастары" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау 1 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Бұл ипотека бағдарламасына 18-35 жас (қоса алғанда) аралығындағы келесі сала мамандары қатысады:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- мәдениет;
- спорт;
- ЖОО және ғылыми-зерттеу институты;
- журналистер;
- әлеуметтік сала қызметкерлері;
- коммуналдық салалар;
- ата-ана қамқорлығынан айырылған, тұрғын үй кезегінде тұрған жастар;
- мемлекеттік қызметкерлер.
Ескерту: техникалық және әкімшілік персонал өтініш бере алмайды.
Оқи отырыңыз: 7-20-25 бағдарламасы аяқталуға жақын. Үкімет ұсынған жаңа ипотека шарттары қандай?
Бағдарламаның шарттары қандай?
- Бастапқы жарна – 10%;
- Несие мөлшерлемесі – 5%;
- Несие мерзімі – 19 жыл;
- Атырау қаласы бойынша максималды сумма – 18 млн тенге (өңір аудандарында – 13 млн тенге);
- Үй кезегінде болу міндетті емес, бірақ соңғы 5 жылда үміткердің және отбасы мүшелерінің атында да үй болмауы керек;
- "Отбасы" банкінде депозитінің болуы міндетті;
- Отбасының бір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің 6,3 есесінен аспауы тиіс.
Өтініштерді қала және аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қабылдайды.
Мекенжайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 101А, 3 кабинет.
Оқи отырыңыз: Жаңа ипотека: Қазақстандық отбасылардың цифрлық портреті жасалады
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында "Атырау жастары" жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.