2023 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға арналған жиында биыл қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорлар ҚМДБ мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің басшылығынан туристік виза арқылы қажылыққа адам апару ісіне тосқауыл қоюды сұрады.

Олардың айтуынша, 2022 жылғы қажылық маусымында кейбір турфирмалар туристік виза арқылы бірнеше азаматты Сауд Арабиясына алып барып, халықты әуре-сарсаңға салған. Мұндай қажылық әрі заңсыз, әрі оның шариғи негізі дұрыс болмайды. Қазақстандықтарды қажылыққа апаруға рұқсаты жоқ компаниялар арзан баға ұсыну арқылы қазақстандықтарды өзіне тартады.

Сондай-ақ, жиында "Қажылық-2023" маусымына дайындық шараларының  ертерек басталатыны айтылды. Соған орай, туроператорлар қажылыққа ниет еткен азаматтардың Рамазан айының соңына дейін тіркелуін қамтамасыз етіп, сәуір айының аяғына дейін электронды жүйе арқылы алынатын Мекке мен Мәдина қонақүйлері, Мина, Арафат төлемдерін жасауы қажет.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператор белгілі болды