Тікелей эфир

2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адам қажылық парызын өтейді

Қазақстанның бас мүфтиі Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі меморандумға қол қойды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, меморандумға қол қойды, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, тараптар 2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адамның қажылыққа баруы жөнінде келісімге келді.

Наурызбай қажы Тағанұлы кездесу барысында қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге келесі ұсыныстарын жеткізді:

  • Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту;
  • қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау;
  • қызмет сапасын арттыру;
  • төлем жасау жүйесін оңтайландыру.

Еске салайық, 2022 жылы қазақстандық 4 мың азамат үлкен қажылығын өтеді. Оларға 14 туристік компания қызмет көрсетті.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары