Өскеменде сайлаушыларға 1 тоннаға жуық бауырсақ таратылды
Сондай-ақ, учаскелерде қазақ ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды.Өскеменде сайлауға келген адамдарға 1 тоннаға жуық бауырсақ таратылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Дауыс беру учаскелерінің мүшелері өскемендік сайлаушыларды жылы қарсы алып жатыр. Оларға таңертеңнен бір тоннаға жуық бауырсақ таратылды. Сондай-ақ учаскелерде қазақ ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды", – деп жазды портал тілшісі.
Сонымен қатар Шымкент қаласында да сайлаушыларға дастархан жайылып, палау берілген. Сондай-ақ бірқатар өңірде сайлаушыларға түрлі сыйлық таратылған.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр? Live
- Президент сайлауы алғаш рет өтіп жатқан ауыл
- Ақтау тұрғыны Валентин Байдаков сайлау учаскесіне шапан киіп келіп, тәнті етті
Еске салайық, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 38,55 пайызы сайлау бюллетенін алған.