Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында алғаш рет сайлау өтіп жатыр.
Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында алғаш рет сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жаңа ауылдың мәдениет үйінде орналасқан №109 сайлау учаскесінде таңертеннен бері дауыс беруге келген ауыл тұрғындары көп.
"Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Отбасымызда ата-анам, інім мен және келіншегім болып сайлауға келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Бұл науқанға ең алдымен еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырмыз", – дейді ауыл тұрғыны Қаршыға Байтөреев.
Айта кетейік, Кендірлі ауылы 2020 жылы Рахат ауылының "Жұлдыз" шағын ауданынан құрылған.