Сондай-ақ, учаскелерде қазақ ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды.
Өскеменде сайлауға келген адамдарға 1 тоннаға жуық бауырсақ таратылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Фото: ҚазАқпарат
"Дауыс беру учаскелерінің мүшелері өскемендік сайлаушыларды жылы қарсы алып жатыр. Оларға таңертеңнен бір тоннаға жуық бауырсақ таратылды. Сондай-ақ учаскелерде қазақ ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды", – деп жазды портал тілшісі.
Сонымен қатар Шымкент қаласында да сайлаушыларға дастархан жайылып, палау берілген. Сондай-ақ бірқатар өңірде сайлаушыларға түрлі сыйлық таратылған.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 38,55 пайызы сайлау бюллетенін алған.
Серіктестер
жаңалықтары
Мәтіндегі орфографиялық қате
Біздің жобалар
"Инфополис" ЖШС, 2015 – 2025. Құқықтардың бәрі қорғалған.