Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады", – делінген хабарламада. 

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мұнымен қатар, мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды.


Оқи отырыңыз: Бас мүфти Кенесары ханның Құраны жайлы: Кітапта қазақтың екі ірі тұлғасының мөрі бар