Тікелей эфир

Мемлекет басшысы Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етіп, Құран оқытты

Қасым-Жомарт Тоқаев сапары аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады", – делінген хабарламада. 

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мұнымен қатар, мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды.


Оқи отырыңыз: Бас мүфти Кенесары ханның Құраны жайлы: Кітапта қазақтың екі ірі тұлғасының мөрі бар


 

Серіктестер жаңалықтары