Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының алты ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы қаулы жобасы пайда болды.

Жобада кеңестік кезеңнен қалған орысша атауларды қазақшаға ауыстыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда:

  • Іле ауданының Энергетический ауылдық округі – Өтеген батыр атауымен;
  • Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы атауымен;
  • Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі  және Ақсай ауылы;
  • Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;
  • Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы – Жайнақ ауылы;
  • Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы – Жібек жолы ауылы болып қайта атау ұсынылып отыр.

Қаулы жобасы АшықНҚА сайтында 11 тамызға дейін талқылауға ашық.


Оқи отырыңыз: Алматыда атауы жоқ көшелерге Мәшһүр Жүсіп пен Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі