Тікелей эфир

Алматыда атауы жоқ көшелерге Мәшһүр Жүсіп пен Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі

Көшелердің біріне ХХ ғасырдың ортасында Түркияға көшіп барған қандастарға қол ұшын созған Аднан Мендерестің есімі берілмек.

Алматы мәслихатының депутаттары қаланың Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының көшелеріне мәдениет пен ғылым саласындағы көрнекті тұлғалардың, елдің дамуына үлес қосқан мемлекет қайраткерлерінің есімін беру туралы шешім шығарды.

Нұркент, Ерменсай, Нұр Алатау, Нұрлытау және Алатау шағын аудандарындағы көшелерге келесі тұлғалардың есімі беріледі:

  • олимпиада ойындарының тұңғыш қазақ чемпионы Жақсылық Үшкемпіров;
  • cазгер Қаршыға Ахмедиярұлы;
  • академик әрі сазгер Ғазиза Ахметқызы;
  • қазақ КСР-інің халық әртісі Роза Үмбетқызы;
  • ақын әрі публицист Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы;
  • археолог, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және т.б. қоғам қайраткерлері.

Оқи отырыңыз: Елорда мектептеріне Қонаев, Бағланова, Оңғарсынованың есімі берілді


Мұнымен қатар, мәслихат көшелердің біріне Түркияның бұрынғы премьер-министрі, саяси қайраткері Аднан Мендерестің есімі берілетінін мәлімдеді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға көшіп барған қандастарға қол ұшын созды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары