Бокстан әлем чемпионатында 8 қазақ спортшы өзге елдердің атынан өнер көрсетеді. Олар кімдер?
Сондай-ақ, өзге ел құрамаларын даярлап жүрген қазақ бапкерлер де бар.Ташкент (Өзбекстан) қаласында бокстан ересектер арасында XXII Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста Қазақстан сапында 13 боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлады Informburo_kaz.
Қазақстан құрамасынан тыс, чемпионатқа Қазақстанға қатысы бар 8 боксшы қатысып жатыр. Олар:
- Руслан Абдуллаев (Өзбекстан);
- Тоқтарбек Таңатхан (ҚХР);
- Данабек Байғазы (ҚХР);
- Дулат Мұқанов (Түркіменстан);
- Бекнұр Қали (Моңғолия);
- Азат Махметов (Бахрейн);
- Сұлтан Османлы (Түркия);
- Әнуар Мұзапаров (Түркия).
Оқи отырыңыз: Олимпиада, Универсиада, әлем чемпионатының жүлдегері мен оның жаттықтырушысы қанша сыйақы алады?
Сондай-ақ, өзге ел құрамаларын даярлап жүрген қазақ бапкерлер де бар. Атап айтқанда, Марокко құрамасында – Ерік Алғабек, Сербия құрамасында – Болат Ниязбеков, Моңғолия құрамасының жаттықтырушысы – Қайнар Қайсанай және Түркия құрамасының бас бапкері – Ерғали Бекмұрзаев боксшыларды баптайды
Айта кетейік, бүгін 60 келідегі Талғат Сырымбетов Азия чемпионы, Иордания өкілі Мохамед Абу-Джаджехпен төртінші жұпта жұдырықтасады. Күндізгі сессия түскі 15:00-ге жоспарланған.