Тікелей эфир

Бокстан әлем чемпионатында 8 қазақ спортшы өзге елдердің атынан өнер көрсетеді. Олар кімдер?

Сондай-ақ, өзге ел құрамаларын даярлап жүрген қазақ бапкерлер де бар.

Ташкент (Өзбекстан) қаласында бокстан ересектер арасында XXII Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста Қазақстан сапында 13 боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлады Informburo_kaz

Қазақстан құрамасынан тыс, чемпионатқа Қазақстанға қатысы бар 8 боксшы қатысып жатыр. Олар:

  • Руслан Абдуллаев (Өзбекстан);
  • Тоқтарбек Таңатхан (ҚХР);
  • Данабек Байғазы (ҚХР);
  • Дулат Мұқанов (Түркіменстан);
  • Бекнұр Қали (Моңғолия);
  • Азат Махметов (Бахрейн);
  • Сұлтан Османлы (Түркия);
  • Әнуар Мұзапаров (Түркия). 

Оқи отырыңыз: Олимпиада, Универсиада, әлем чемпионатының жүлдегері мен оның жаттықтырушысы қанша сыйақы алады?


Сондай-ақ, өзге ел құрамаларын даярлап жүрген қазақ бапкерлер де бар. Атап айтқанда, Марокко құрамасында – Ерік Алғабек, Сербия құрамасында – Болат Ниязбеков, Моңғолия құрамасының жаттықтырушысы – Қайнар Қайсанай және Түркия құрамасының бас бапкері – Ерғали Бекмұрзаев боксшыларды баптайды

Айта кетейік, бүгін 60 келідегі Талғат Сырымбетов Азия чемпионы, Иордания өкілі Мохамед Абу-Джаджехпен төртінші жұпта жұдырықтасады. Күндізгі сессия түскі 15:00-ге жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары