Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Ол 24 жылға сотталды. 

Қуандық Бишімбаев келесі қылмыстарды жасады деп айыпталған болатын:

  • ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру";
  • ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі бойынша, яғни азаптау. 

"110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес 7 жылға бас бостандығынан айырылсын, 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Барлығын қосқанда Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бишімбаевтың әрекеттерінде қауіпті рецидив бар деп танылуы тиіс. Бишімбаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінде өтесін. 2023 жылғы 9 қарашадан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақытағы әр күн енді өтейтін жазаның күніне теңестірілсін", – деді судья Айжан Құлбаева. 


Оқи отырыңыз: Әйелге күш көрсету ғана емес: Бишімбаев соты бетін ашқан бес мәселе


Мұнымен қатар сот Бишімбаевты сот шығындары мен сараптамалар үшін мемлекетке кіріс ретінде 2 млн теңге және жәбірленушілер өтемақы қорына 103 мың теңге көлемінде төлем жасауға міндеттеді. 

Еске салсақ жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова оған 20-25 жыл берілуі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты барлық материалды осы гиперсілтемеге өтіп көре аласыз. 


Оқи отырыңыз: