Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Ол 24 жылға сотталды.
Қуандық Бишімбаев келесі қылмыстарды жасады деп айыпталған болатын:
- ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру";
- ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі бойынша, яғни азаптау.
"110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес 7 жылға бас бостандығынан айырылсын, 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Барлығын қосқанда Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бишімбаевтың әрекеттерінде қауіпті рецидив бар деп танылуы тиіс. Бишімбаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінде өтесін. 2023 жылғы 9 қарашадан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақытағы әр күн енді өтейтін жазаның күніне теңестірілсін", – деді судья Айжан Құлбаева.
Оқи отырыңыз: Әйелге күш көрсету ғана емес: Бишімбаев соты бетін ашқан бес мәселе
Мұнымен қатар сот Бишімбаевты сот шығындары мен сараптамалар үшін мемлекетке кіріс ретінде 2 млн теңге және жәбірленушілер өтемақы қорына 103 мың теңге көлемінде төлем жасауға міндеттеді.
Еске салсақ жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова оған 20-25 жыл берілуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты барлық материалды осы гиперсілтемеге өтіп көре аласыз.
Оқи отырыңыз:
- Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты
- Адвокат Бишімбаевтың өмір бойына бас бостандығынан айырылатынына сенбейді
- "Құдайдың сынағынан өте алмадым". Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты
- Бишімбаевтың қорғаушысы: Басты сұрақ – Нүкенова оны өлтіргісі келгендіктен немесе ұрып-соққысы келгендіктен өлді ме?
- "Ақылы – бар, жүрегі – жоқ": Бишімбаев ісін талқылау кезінде прокурордың айтқаны