Ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін неше жыл қажет?
Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жақсарту жоспарын орындауға 217 млрд теңге қарастырылған.Ауылдағы денсаулық сақтау саласы үшін 2023-2024 жылдары 655 нысан салынады, 32 ауданаралық, аудандық мамандандырылған-көпсалалы аурухана ұйымдастырылады, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет кулуарында. Оның айтуынша, 5 жыл ішінде ауылдағы денсаулық сақтау саласын жақсартуға болады.
Министр жаңадан салынатын медицина нысандарына қанша дәрігер қажет екенін атады.
"Ауылда салынған ауруханалар үшін 300-ден астам медицина қызметкері қажет. Оның ішінде 52-сі – дәрігер. Ал аудандық көпсалалы ауруханалар үшін 734 маман қажет. Бұл жерлерге дәрігерлер көбірек керек. Себебі, мұнда мамандандырылған, атап айтқанда инсульт, инфаркт, хирургия сынды орталықтар болады", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Ажар Ғиният Астана медицина университеті туралы: Қатаң шара қолданамыз
Министрдің айтуынша, ауылдағы денсаулық сақтау саласына қатысты жоспарларды орындау үшін 217 млрд теңге қарастырылған. Қаражат құрылыс, құрал-жабдық сатып алу мен күрделі жөндеуге жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен де инфрақұрылым мен дәрігерлерге арналған көмек, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қаржы бөлінеді.