Тікелей эфир

Ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін неше жыл қажет?

Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жақсарту жоспарын орындауға 217 млрд теңге қарастырылған.

Ауылдағы денсаулық сақтау саласы үшін 2023-2024 жылдары 655 нысан салынады, 32 ауданаралық, аудандық мамандандырылған-көпсалалы аурухана ұйымдастырылады, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет кулуарында. Оның айтуынша, 5 жыл ішінде ауылдағы денсаулық сақтау саласын жақсартуға болады.

Министр жаңадан салынатын медицина нысандарына қанша дәрігер қажет екенін атады.

"Ауылда салынған ауруханалар үшін 300-ден астам медицина қызметкері қажет. Оның ішінде 52-сі – дәрігер. Ал аудандық көпсалалы ауруханалар үшін 734 маман қажет. Бұл жерлерге дәрігерлер көбірек керек. Себебі, мұнда мамандандырылған, атап айтқанда инсульт, инфаркт, хирургия сынды орталықтар болады", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Ажар Ғиният Астана медицина университеті туралы: Қатаң шара қолданамыз


Министрдің айтуынша, ауылдағы денсаулық сақтау саласына қатысты жоспарларды орындау үшін 217 млрд теңге қарастырылған. Қаражат құрылыс, құрал-жабдық сатып алу мен күрделі жөндеуге жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен де инфрақұрылым мен дәрігерлерге арналған көмек, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қаржы бөлінеді.

Серіктестер жаңалықтары