Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІ республикалық байқау» өтеді. Бұл туралы muftyat.kz  жазды.

Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
  • үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
  • толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
  • үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
  • үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
  • үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 

Оқи отырыңыз: Бас мүфти Кенесары ханның Құраны жайлы: Кітапта қазақтың екі ірі тұлғасының мөрі бар.


Байқауға қатысу үшін:

  1. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
  2. Үміткердің анкетасы;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  

Номинациялар:

Толық Құранды жатқа оқудан;

1-орын авто көлік

2-орын – 3 000 000 тг.

3-орын – 2 000 000 тг.

4-орын – 1 000 000 тг.

5-орын – 700 000 тг.


Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын бас мүфтиге табыстады.


Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын – 3 000 000 тг.

2-орын – 2 000 000 тг.

3-орын – 1 500 000 тг.

4-орын – 800 000 тг.

5-орын – 500 000 тг.

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын – 1 500 000 тг.

2-орын – 1 000 000 тг.

3-орын – 750 000 тг.

Құранды мәнерлеп оқу бойынша;

1-орын – 1 000 000 тг.

2-орын – 700 000 тг.

3-орын – 500 000 тг.           


Оқи отырыңыз: Екі ғасырлық тарихы бар Кенесары ханның Құран кітабы Ясауи кесенесіне қойылады.


Жарысқа қатысып, жүлде алмаған әр қариға 50 000 теңге көлемінде 64 үміткерге 3 200 000 теңге беріледі. 

Демеушілердің және дін жанашырларының қаржылай қолдауымен өтетін байқаудың жүлде қоры 23 150 000 теңгені құрайды.