Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІ республикалық байқау» өтеді. Бұл туралы muftyat.kz жазды.
Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
Оқи отырыңыз: Бас мүфти Кенесары ханның Құраны жайлы: Кітапта қазақтың екі ірі тұлғасының мөрі бар.
Байқауға қатысу үшін:
- Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
- Үміткердің анкетасы;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.
Номинациялар:
Толық Құранды жатқа оқудан;
1-орын авто көлік
2-орын – 3 000 000 тг.
3-орын – 2 000 000 тг.
4-орын – 1 000 000 тг.
5-орын – 700 000 тг.
Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын бас мүфтиге табыстады.
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын – 3 000 000 тг.
2-орын – 2 000 000 тг.
3-орын – 1 500 000 тг.
4-орын – 800 000 тг.
5-орын – 500 000 тг.
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын – 1 500 000 тг.
2-орын – 1 000 000 тг.
3-орын – 750 000 тг.
Құранды мәнерлеп оқу бойынша;
1-орын – 1 000 000 тг.
2-орын – 700 000 тг.
3-орын – 500 000 тг.
Оқи отырыңыз: Екі ғасырлық тарихы бар Кенесары ханның Құран кітабы Ясауи кесенесіне қойылады.
Жарысқа қатысып, жүлде алмаған әр қариға 50 000 теңге көлемінде 64 үміткерге 3 200 000 теңге беріледі.
Демеушілердің және дін жанашырларының қаржылай қолдауымен өтетін байқаудың жүлде қоры 23 150 000 теңгені құрайды.