2023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады
Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы қоғам талқысына ұсынылды.Қорғаныс министрінің 2023 жылы Қазақстанның әскери міндетті 1500 азаматын әскери жиындарға шақыру жөніндегі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін жарияланды.
Еске салайық, 2022 жылы да 1500 азаматты әскери жиындарға шақыру хабарланып, тамыз – қазан айлары аралығында әскери жиындарға 300-ден астам адам тартылды. Олар Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарында заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды қолдану тәсілдерін меңгерді.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери жиын кезінде оған шақырылған азаматтың жұмыс орны, лауазымы, орташа айлық еңбекақысы сақталады. Ал әскери жиын ақталған соң, азаматтар біліктілігін растау үшін емтихан тапсырады.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылы Қазақстанда 37 мың адам әскерге шақырылады
- 2023 жылы әскери қызметшілер жалақысы 60%-ға дейін өседі
- 2023 жылы запастағы 345 офицер әскерге шақырылады
Бұйрық жобасы 13 ақпанға дейін жария талқыға ұсынылған.