Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық қарсыласы Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) 14 мамыр күні жұдырықтасады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Стоктон қаласында өтеді. Қазақстандықтар шаршы алаңдағы кездесуді Астана уақытымен таңғы сағат 07.00-де "Хабар" арнасынан көре алады. 

Боксшылар Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.


Оқи отырыңыз: ӘЧ іріктеу: Теннистен Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны жеңді


Еске салсақ, қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылдың қараша айында британ боксшысы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.