Жекпе-жек АҚШ-тың Стоктон қаласында өтеді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық қарсыласы Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) 14 мамыр күні жұдырықтасады.
Жекпе-жек АҚШ-тың Стоктон қаласында өтеді. Қазақстандықтар шаршы алаңдағы кездесуді Астана уақытымен таңғы сағат 07.00-де "Хабар" арнасынан көре алады.
Боксшылар Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.
Оқи отырыңыз: ӘЧ іріктеу: Теннистен Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны жеңді
Еске салсақ, қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылдың қараша айында британ боксшысы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.