Мектеп түлектерінің қорытынды емтихандары 28 мамырда басталады
2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтайды.9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
- өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
Оқи отырыңыз: 6 мамыр мен 30 маусым аралығында білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді
11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
- Қазақстан тарихынан тестілеу;
- өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы — 11 (12) сынып түлектері, 270 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.
Оқи отырыңыз:
- Білім беру грантын тағайындаудағы өзгерістер. Талапкер білуі тиіс негізгі 10 сұраққа жауап
- "Алтын белгі" иегерлері неге мұғалім болғысы келмейді? Министр түсіндірмесі
- 132 мың үміткер – 54 мың грант. Биылғы түлектер ҰБТ-дан сүрінбей өтуі үшін нені білуі тиіс?