Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша Алматы облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа, ал Шымкент "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары;
  • "Сары" аймақта – Шымкент қаласы мен Қарағанды ​​облысы;
  • "Жасыл" аймақта – өзге өңірлер.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта. 

Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.


Оқи отырыңыз: