Қазақстанның алты өңірі – "қызыл" аймақта, екі өңір "сары" аймақта тұр.
Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша Алматы облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа, ал Шымкент "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.
- "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары;
- "Сары" аймақта – Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы;
- "Жасыл" аймақта – өзге өңірлер.
Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.
Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.
Оқи отырыңыз: