Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді
"Қытайлық Sinovac Biotech Ltd. Биофармацевтикалық компаниясы өндірген CoronaVac вакцинасы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен ел аумағында қолдануға мақұлданған. Ол республикада қолданыстағы Спутник V, QazVac және Hayat-Vax екпелерінің тізімін толықтырады", – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Таяу күнде екпенің 500 мың дозасы қолданысқа беріледі. Бұл екпені 18 жастан асқан азаматтарға алуға рұқсат етіледі. Екі дозаның аралық интервалы – 14-28 күн.
Оқи отырыңыз:
- Спутник V, QazVac, Hayat-Vax екпелері жарамайды. Биыл қажылыққа баратындарға арналған 7 сұраққа жауап
- QazVac вакцинасын егу 26 сәуірде басталады. Қазақстандық вакцинаға қатысты 10 сұраққа жауап