Тікелей эфир

Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

Фото Алматы әуежайының Facebook парақшасынан алынды
Фото Алматы әуежайының Facebook парақшасынан алынды
Алғашқы партия Қытай вакцинасының 500 мың дозасынан тұрады.

"Қытайлық Sinovac Biotech Ltd. Биофармацевтикалық компаниясы өндірген CoronaVac вакцинасы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен ел аумағында қолдануға мақұлданған. Ол республикада қолданыстағы Спутник V, QazVac және Hayat-Vax екпелерінің тізімін толықтырады", – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Таяу күнде екпенің 500 мың дозасы қолданысқа беріледі. Бұл екпені 18 жастан асқан азаматтарға алуға рұқсат етіледі. Екі дозаның аралық интервалы – 14-28 күн.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары