Қазақстанда шахмат федерациясы құрылған 30 жыл ішінде 200 мыңнан астам ел азаматы шахмат ойнап, 50 мыңнан астам бала арнайы жаттықты. 2015 жылдан бері 40-тан астам бала әлем чемпионаттарында медаль алып, жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, 30 мыңнан астам бала жан басына қаржыландырумен қамтылды. Осы орайда, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов алда қандай жоспарлар барын бөлісті. 

– Қазақстанда шахматты дамыту бойынша жоспарларыңыз қандай?

– Біз жол картасын әзірлеп, оны мәдениет және спорт министрлігіне таныстырдық. Осы жол картасы шеңберінде мемлекет, әкімдіктер қаржы бөледі. Елде әртүрлі әлеуметтік инфрақұрылым, шахмат секциясы және әр мектепте шахмат сыныбының болғанын қалаймыз. Мұнымен қатар, көп пәтерлі тұрғын үйлерде шахмат клубтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Нақты мақсаттарға келетін болсақ – санаты жоғары жаттықтырушылар санын арттырып, барлық ауыл мектебінде шахмат секциясының болуы, елде гроссмейстерлердің санын арттыру. Бүгінгі таңда бізде ең жоғары дәреже ерлер арасындағы гроссмейстерді Жансая Әбдімәлік иеленіп отыр. 

– Биыл елде халықаралық турнирлер өтуі мүмкін бе?

– Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізгіміз келеді. Осы жылдың қыркүйек айында астанада әйелдер арасындағы гран-при кезеңін өткізуді жоспарлап отырмыз. Халықаралық шахмат федерациясы Жансая Әбдімәлікке осы кезеңде ойнау үшін келісімшарт келіп түсті. Ол бүгінгі таңда әлемнің 14-ші үздік шахматшысы атанып, жоғарыдағы турнирге жолдама алды десек болады. Мұнымен қатар, спорттық іріктеу кезінде ұйымдастырушылар өзінің уайлд-кардын спортшылардың біріне бергелі отыр. Жалпы өңірлік, ашық және Азия турнирлері арқылы Қазақстанның шахмат кубогының дәрежесін көтергіміз келеді. 

– Шахматшыларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

– Қазір 50-ден астам үздік жасөспірімге стипендия бөлу және алдыңғы қатардағы 7 шахматшыға грант беру мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл шамамен шілде айының соңына қарай жүзеге асады. Александр Моисеенко, Владислав Скачков сынды білікті жаттықтырушылар елге шақырылып отыр. Сонымен қатар, Алматы қаласында халықаралық олимпиадағы жарыс бойынша дайындық жүріп жатыр. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда IT мен шахмат мектеп-интернатын салу ұсынысын қолдады


– Ерекше талантты жасөспірімдерден кімдерді атап өте аласыз?

– Әйелдер кубогын астанада өткізу туралы ФИДЕ-мен келісімшартқа қол қойдық. Халықаралық шахмат федерациясының президентімен кездесіп, кешенді көмек туралы ақылдастық. Соның ішінде ең маңыздысы – біздің "Мектептегі шахмат" бағдарламасын қолдау болды. Тағы бір айта кететіні, бізде әйелдер құрамасы ұлғайды және ол әлемдегі мықты командалардың бірі. 2021 жылдың желтоқсан айында Әсел Серікбай әйелдер арасындағы чемпионатта 5-орынды иеленді. Назерке Нұрғали 18 жасқа дейінгі шахматшылар арасында чемпион атанды, Ксения Балабаева халықаралық турнирде, Амина Қайырбекова Сербияда өте жақсы ойын көрсетті. Барлық қыз балалар 15-16 жаста, алдағы уақытта негізгі құраманың қатарын толықтырады деп үміттінеміз. 

– Осы уақытқа дейін шахмат федерациясының қаржысы ашық болатынын айтыңыздар. Қаржының қайдан келіп, қайда жұмсалып жатқанын айтып бере аласыз ба?

– Біз шахмат федерациясына осы жылдың мамыр айында келдік, қаржы жағдайы қалай болып жатқанымен сол кезде таныстық. Федерацияның 192 млн теңге табысы болған. Демеушілік қаржы – 93 млн теңге, мемлекеттік көздерден келіп түскен қаржы – 74 млн теңге. Кейінгі қаржы әйелдер гран-при кезеңін өткізу үшін бөлініп отыр. Осыдан сәл көбірек сома ФИДЕ-ге мүшелік салым ретінде жіберілді. Бұдан бөлек шахматшылардың турнирлерге қатысуына байланысты төлемдер бар. Шығыстар жуықтап айтатын болсақ, 175 млн теңгені құрады. Президент, вице-президент және қоғамдық кеңес жалақы алмайды. Ай сайын еңбекақы жұмысты атқарушы дирекция қызметкерлеріне жіберіледі. Аталған дирекцияда бірқатар азамат елде шахматты дамыту үшін күнделікті жұмыс істеп жатыр. 


Оқи отырыңыз: "Кумирім – Магнус Карлсен". Шахматтан блиц шебері Бибісара Асаубаевамен блиц сұхбат


– Шахматшыларға қаржы тең бөліне ме?

– Өкінішке орай, спортшыларды қаржылай қолдау мәселесінде үлкен теңсіздік көріп отырмыз. Бірінші жарты жылдықта демеушілер тарапынан келген 28 млн теңгенің 24 миллионы Бибісара Асаубаева мен оның жаттықтырушылары Сергей Долматов және Олег Дзюбанге бөлінген. Қазбек Нөгербекке жылдам шахматтан әлем чемпионатына қатысқаны үшін және оның жаттықтырушысы Ержан Шөкеновке 1,3 млн теңге; әлем чемпионатында жеңіске жеткен Назерке Нұрғали мен оның жаттықтырушысы Василий Шумековке 800 мың теңге, жылдам шахмат бойынша әлем чемпионатына қатысқан Даниял Сапенов пен оның жаттықтырушысына 800 мың теңге бөлінген. Бұдан өзге сыйлықтарға кеткен сома бар. Дәл қазір баланста 17 млн теңге қалып отыр. Осындай ашықтық арқылы қаражаттың қалай жұмсалып отырғанын көрсеткіміз келеді және қаржыны бөлуде дисбаланс болғанын қаламаймыз. Осы орайда, үш қағидатты ұстанайын деп отырмыз: баланс, меритократия және ашықтық. 

– Қамқоршылық кеңес құрылды ма?

– Шахматты қаржыландыруды ұлғайту негізгі мақсаттарымыздың бірі болады деп шештік. Мәдениет және спорт министрлігі барлық шахматшыға бір жылға 30 млн теңге бөлген. Бұл аз. Банк Центр Кредит басшысы Ғалым Құсайынов пен қамқоршылық кеңесі шахматты қаржыландыратын болады. Ақпараттық шу салдарынан осы кеңестің құрылуы кешеуілдеді. Кей бизнесмен қолдау көрсетуден бас тартқандықтан, басқа әріптестерімізбен байланысқа шығуға тура келді. Әдетте бизнесмендер қаражатын артық шу жоқ жерге салғысы келеді. 

– Қазақстанда шахматты дамыту ісі жолға қойылуы үшін қанша қаражат қажет?

– Шахматшылар мен осы сала барынша жайлы болуы үшін ең көп 3 млн доллар, ең аз дегенде 700-800 мың доллар қажет. 


Оқи отырыңыз: 7 жасар қазақстандық қыз ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанды


– Мектептерді шахматты дамытуды қолға алып жатырсыздар. Барлық өңір қамтыла ма?

– Бір уақытта барлық мектепті шахмат секцияларымен қамту қиын. Өйткені, алдымен, сол мектептерде шахматты үйрететін ұстаздарды дайындықтан өткізуіміз керек. Олар кезек-кезегімен біліктілігін арттыратын болады. Жоспар бойынша қажет жаттықтырушыларды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдымен, Шымкенттен бастап, кейін Алматы және астанаға келеміз. Бұдан өзге өңірлерді де міндетті түрде қамтимыз. Координация мәселесі бар, оқу-ағарту министрлігі және әкімдіктермен талқылауымыз керек.