Тікелей эфир

Тоқаев Алматыда IT мен шахмат мектеп-интернатын салу ұсынысын қолдады

Президент шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдіріп, Қазақстанда шахмат спортын дамыту, оның ішінде мемлекет тарапынан жүйелі көмек көрсету, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және шахматты жеке спорт түрі ретінде насихаттау жөніндегі қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.  

Фото: Ақорда сайты

 

Президент мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу, Алматыда 1500 балаға арналған шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы кәсіпкерлер тарапынан шахмат спортын дамытуға қолдау көрсетудің маңызды екеніне баса мән берді. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға бұдан былай да қолдау көрсететінін атап өтіп, жас спортшыларға халықаралық аренада жаңа табыс тіледі.

Серіктестер жаңалықтары