Төмендегі инфографика Қазақстан өңірлеріндегі халық санының 1999 жылдан бергі өзгеру динамикасын көрсетеді. 1999 жылы ел халқының саны 14 958 мың болса, содан бері 4 миллионнан астам адамға артып, бүгінде 20 миллионға жуықтады. Графикада қолданылған мәліметтер Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайтынан алынды. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер


Графикаға енбеген қызықты мәліметтер: 

  • Халқының саны 2 миллионнан асатын өңірлер: Алматы облысы (әзірге, биыл Алматы облысын екіге бөлу жоспарланған), Түркістан облысы және Алматы қаласы;
  • Халқының саны 1 миллионнан асатын өңірлер: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары (әзірге, биыл Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарын екіге бөлу жоспарланған);
  • 25 жылда халық саны ең жылдам дамыған өңір – Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы;
  • Алматы қаласы халқының саны 2021 жылы ғана 2 миллионнан асты;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан Шымкент бөлініп шыққанына қарамастан, Түркістан облысы халық саны бойынша бірінші орында. 

Оқи отырыңыз: 1897-2018. Қазақ халқының саны қалай өзгерді?