500 мың доза вакцина жеткізіледі. Қазақстан Pfizer, Johnson & Johnson және Sinovac компанияларымен келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан Covid-19-ға қарсы вакцина сатып алу бойынша шетелдік компаниялармен жүргізіп жатқан келіссөздерді аяқтап қалды. Олардың арасында Pfizer, Johnson & Johnson және Sinovac бар, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
"Бүгінгі таңда кейбір келіссөздер процестері аяқталуда, өндірушілер тарапынан осы процестер бойынша барлық ақпарат құпия болып табылады. Сондықтан келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін ғана біз бұл туралы айта аламыз", – деді Нұрлыбек Асылбеков.
Ол сәуір айында Қазақстанға шетелдік вакцинаның 500 мың дозасы жеткізілуі мүмкін екенін атап өтті.
"Қазір Pfizer, Johnson&Johnson, Sinovac-пен келіссөздер жүргізілуде және бұл процестер баяу жүріп жатқан бірқатар басқа да компаниялар бар. Сіздер бұл компаниялардың барлығы өте үлкен, былайша айтқанда, ірі трансұлттық компаниялар екенін түсінулеріңіз керек. Бүкіл әлемде вакцина жетіспейтіндігін ескере отырып, олар да шешімдерді тез қабылдамайды", – деді спикер.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында 2 млн доза вакцина алу жоспарын ұсынған болатын. Онда "басқа өндірушілерден" 500 мың доза екпе жеткізу қарастырылған болатын.
Коронавирусқа қарсы вакциналар туралы оқи отырыңыз:
- Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
- "Спутник V" вакцинасы туралы не білеміз?
- Қазақстанда жаппай вакцинация басталды. Екпе салдыру кімдерге қауіпті?
- Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып алады. Елдегі эпидахуал қандай?
- Covid-ке қарсы вакциналар: 8 факт пен 4 сұрақ
- Коронавирусқа қарсы түрлі вакцинаны қатар алуға бола ма? Мамандар жауап берді
- ҚМДБ "Спутник V" вакцинасы халал екенін мәлімдеді
- Ауыз берік кезде вакцина салдыру оразаны бұзбайды