
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың айтуынша, Үкімет азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесі туралы қаулы қабылдаған. Соның негізінде сыйақы мөлшері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен бірдей теңестіріледі. Жемқорлық туралы хабарлаған адамға сот үкімі шыққан соң, параның жалпы сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы беріледі.
"Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру жалғасады. Біз бұл орайда халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық жүйені құруымыз қажет", – деді агенттік басшысы Алик Шпекбаев.
Білім және денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары негізінен жұмысқа орналасу кезінде және қаржылық махинациялармен байланысты. Олардың көпшілігі әкімдіктерге бағынышты ұйымдарда жасалады. Бұл мәселені шешу үшін бюджеттік мекемелердің басшыларын мемлекеттік сатып алуды өткізуден және бухгалтерияны орталықтандырудан толық босату көзделіп отыр.
Бұған қоса, еліміздің барлық білім беру мекемелерінде "Адалдық негіздерін" міндетті түрде оқыту ұсынылды.
"2020 жылы Қазақстанда мемлекеттік органдардың "Адалдық негіздері" рейтингі енгізілетін болады. Ол қызметкерлердің ашықтығы, есеп беруі және тұрғындарға қызмет көрсетуінің деңгейі бойынша сараланады. Мемлекеттік органдардың рейтингтегі орны азаматтардың олардың жұмысына шынайы қанағаттанушылығын көрсетеді. Әр ауылдық округте мемлекеттік басқарудың сервистік моделі енгізіледі", – деді Алик Шпекбаев.
-
1🔖 Токаев поручил министру транспорта увеличить количество внутренних и международных авиарейсов
-
2420
-
1
-
106
-
-
2🔖 Назначен новый генеральный директор Атырауского нефтеперерабатывающего завода
-
2364
-
7
-
53
-
-
3🌡Прогноз погоды на 11 апреля: пыльная буря ожидается в Астане и местами на севере Казахстана
-
2358
-
1
-
0
-
-
4🇺🇸СМИ: Пошлина США на китайские товары составит 145%
-
2199
-
2
-
20
-
-
5‼️В полиции Астаны прокомментировали информацию о задержании журналиста Лукпана Ахмедьярова
-
2143
-
2
-
40
-
-
6❗️Prada покупает Versace за 1,4 млрд долларов
-
2172
-
4
-
6
-
-
7☄️Китайские учёные предсказали разрушительное землетрясение в Казахстане? Разъяснение МЧС
-
2088
-
2
-
11
-
-
8❗️"Государству возмещено 15 млрд тенге". Токаев принял председателя Антикоррупционной службы
-
2130
-
3
-
54
-
-
9❗️Станция КТК заработает до конца мая после февральской атаки дронов
-
2119
-
3
-
50
-
-
10🇨🇳🇰🇿Китай призвал Казахстан объединить усилия против новых пошлин США
-
2225
-
5
-
142
-