Жұмыссыз қалған қазақстандықтар әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы. Олар қайда жүгінуі керек, қандай құжаттар тапсыруы керек, міндетті медициналық сақтандыру қорындағы ақшаға емделе ала ма, зейнетақысы не болады — осы және басқа да өзекті сұрақтардың жауабын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Informburo.kz тілшісіне айтты.
№1 Сақтандыру жүйесінің мүшесі болу неге маңызды?
Жауапқа көшпес бұрын бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсініп алайық. Мемлекет мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жиналған қаражатты жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы төлеуге пайдаланады.
Ай сайын барлық жұмыс беруші еңбек шарты жасалған қызметкерлер үшін қорға әлеуметтік төлемдер аударуға міндетті. 2023 жылы шегерімдердің мөлшері жалақының 3,5 пайызын құрады. Қорға төленетін барлық төлем жеке сипатқа ие, яғни әр тұлға үшін жеке шегеріліп отырады.
№2 Штаттан тыс қызметкерлер жәрдемақы ала ма?
Жердемақы тағайындау шарттарының ішіндегі ең маңыздысы — өтініш берушінің міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы. Егер жұмыс берушілер қорға ай сайын аударым жасамаса, қызметкер жәрдемақы талап ете алмайды.
Сәйкесінше азаматтық-құқықтық келісімшарт (қызмет көрсету шарты, еңбек шарты) жасасқан қызметкерлердің жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы талап ету құқығы жоқ, өйткені олар үшін ешкім әлеуметтік аударымдар жасаған жоқ. Қазір қызметкерлердің өздері де қорға аударым жасай алмайды.
Материалдың орыс тіліндегі нұсқасы: Пособие по потере работы: кому оно положено и как его оформить
№3 Қандай құжаттарды және қайда өткізу керек
Жәрдемақы алуға өтініш беру рәсімін бастамас бұрын жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Мұны электронды еңбек биржасының сайтында немесе жұмыспен қамту орталығы арқылы жасауға болады.
Құжаттардан жеке куәлік пен өтініш қажет.
№4 Қандай себептерге байланысты өтінішті қабылдамауы мүмкін
Жоғарыда аталған себептерден басқа (бұған дейін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударым жасамауы, жұмыссыз ретінде тіркелмеуі) заң бойынша келесі жағдайларда жәрдемақы берілмеуі мүмкін:
- өтініш беруші жалған (мәлімет) құжат ұсынса;
- өтініш беруші мен (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
Тиісті түзетулерден кейін жәрдемақы тағайындауға қайта өтініш бере аласыз.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыздар көп?
№5 Жәрдемақыны қанша уақыт алуға болады
Жұмысынан айырылған кездегі жәрдемақының мөлшері мен мерзімі Қорға әлеуметтік аударымдар жасалған еңбек өтілімен тікелей байланысты. Қызметкерге тағайындалатын әлеуметтік төлем:
- бір ай – 6-12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
- екі ай – 12-24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
- үш ай – 24-36 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
- төрт ай – 36-48 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
- бес ай – 48-60 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
- алты ай – 60 айдан астам уақыт ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе.
№6 Төленетін жәрдемақы көлемі қалай белгіленеді
Жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы көлемі бірнеше мөлшерге байланысты:
- жұмыс беруші 24 ай ішінде әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдер жасаған ай сайынғы табысқа байланысты;
- барлық өтініш беруші үшін бірыңғай түзету коэффициентіне байланысты – 0,45;
- әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
Мемлекет есептеу кезінде қолдануға болатын 24 айдағы орташа кіріс мөлшерін шектеді. Оның мөлшері жеті ең төменгі жалақыдан (ең төменгі жалақыдан) аспауы керек. 2023 жылы бұл – 490 мың теңге.
Есеп арнайы формула бойынша жасалады және оның жеке сипаты бар.
Оқи отырыңыз: Тұрмысы төмен өңір – қақтығыс ошағы. Депрессивті аймақтарды дамыту картасы не үшін қажет?
№7 Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа немесе оқуға жіберсе не болады
Келесі жағдайларда жәрдемақы сақталады:
- әлеуметтік маңызы бар жұмыс орындарындағы уақытша жұмыс үшін;
- қоғамдық жұмыстарға тартылса;
- кәсіппен байланысты оқуға жіберілсе.
№8 Жұмыссыздың міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек алуға құқығы бар ма?
Жұмыссыздар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқылы. Оларға мемлекет тарапынан жарна төленеді. Міндетті шарт – жұмыссыз ретінде тіркелу.
№9 Жәрдемақыдан не үшін ақша ұстап қалуы мүмкін?
Заң жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақыдан шегерімдердің екі түрін белгіледі:
- 10% – БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары (жәрдемақы төлеу кезінде);
- атқарушылық іс жүргізу бойынша шегерімдер (бар болса).
Оқи отырыңыз: Дүйсенова: Әлеуметтік көмектің дұрысы – жәрдемақы емес, жұмыс
№10 Қандай жағдайда жәрдемақы төлеу тоқтатылуы мүмкін?
Заң жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін себептердің тізбесін белгіледі:
- жәрдемақы алушы республикадан кеткен кезде;
- алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны туралы белгілі болды (ол шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін);
- жәрдемақы тағайындау үшін анық емес ақпарат берілгені белгілі болды;
- шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімі өткен;
- жәрдемақы алушы қылмыстық іс бойынша сотталған және жазасын колонияда өтеп жатыр.
№11 Қандай жағдайларда жәрдемақы төлеу тоқтатылады
Жұмысынан айырылған кезде жәрдемақы төлемдері тоқтатылады:
- егер өтініш беруші зейнеткерлік жасқа толса;
- оны жұмыссыз ретінде есептен шығарған кезде;
- алушы қайтыс болған жағдайда.
Әлеуметтік төлем мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап уақытша тоқтатылады не толық тоқтатылады.
Мақала жазу кезінде ҚР "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңы да қолданылды (01.01.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен)