Тікелей эфир

Дүйсенова: Әлеуметтік көмектің дұрысы – жәрдемақы емес, жұмыс

Министр жәрдемақы қиын жағдайдан шығу үшін уақытша ғана берілетінін еске салды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс кулуарында жәрдемақы беру арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкін еместігін айтты.

Оның айтуынша, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік көмек түрлері тек отбасының қиын жағдайдан шығуы үшін уақытша беріледі.

"Біз азаматтарға жәрдемақы беріп, олардың жағдайын жасай алмаймыз. Азаматтарға берілетін ең жақсы әлеуметтік көмек – жұмыс. Жұмысы болып, еңбекақы алып отырған адамға ешқандай жәрдемақы керек емес. Сондықтан біз жәрдемақыны мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана береміз. Жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, қосымша оқу, жұмыс, грант, кредиттер бәрі қосылып, отбасыны сол қиын жағдайдан шығаруы керек", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі 2025 жылдан бастап өзгереді


Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай тәсілі бүкіл әлемде бар екенін атап өтті.

"Егер дүние жүзіндегі елдердің бәрінде тек жәрдемақымен жағдай дұрысталып кететін болса, барлық мемелкет соны қолданар еді", – деді ведомство басшысы.

Серіктестер жаңалықтары