USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

ChatGPT, DeepSeek, Gemini. Жасанды интеллект бәсекесінде кімнің бәсі жоғары

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2024 жылы мобильді телефон қолданушылары жасанды интеллектілерге 1,1 млрд доллардан астам қаражат жұмсаған.

Жасанды интеллект (ЖИ) қарқынды дамып, әлемде түрлі жаңа нейрожелі мен чат-бот пайда болып жатыр. Өткен жылдың соңында таныстырылған қытайлық DeepSeek жасанды интеллекті осы саланы дүр сілкіндірді. Өйткені, DeepSeek-ті әзірлеуге бар-жоғы 6 млн доллар жұмсалған, ал ChatGPT-ді жасауға 100 млн доллардан астам қаражат құйылған.

Сонымен қатар OpenAI, SoftBank және Oracle сынды ұш жетекші технологиялық алпауыт тарихтағы ең ірі ЖИ инфрақұрылымы болатын Stargate атты жаңа компанияның құрылғанын жариялады. Үш компания жобаға 100 млрд доллар инвестиция құйғалы отыр. Алдағы жылдары инвестиция 500 млрд долларға дейін артады. Осы мақсатта АҚШ-та 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Sensor Tower есебіне сүйенсек, 2024 жылы мобильді телефон қолданушылары жасанды интеллектілерге 1,1 млрд доллардан астам қаражат жұмсаған. Бұл 2023 жылға қарғанда үш есе көп.

Осы ретте Informburo.kz танымал жасанды интеллектілерге шолу жасап, мүмкіндіктері мен айырмашылықтарын екшеп көрді.

ChatGPT

ChatGPT – OpenAI жасаған үлкен тілдік модель (LLM). Ол табиғи тілде сөйлесуге, мәтін жазуға, аударуға, код жазуға және аналитикалық тапсырмаларды орындауға қабілетті.

ChatGPT не істей алады?

  • Күшті GPT-4 Turbo моделінің арқасында жылдамырақ, арзан және тиімді жұмыс істейді.
  • Қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде қолдануға болады.
  • GPT Store арқылы қолданушылар өз GPT-боттарын жасай алады.
  • API арқылы бизнеске интеграция жасауға болады.
  • Python, JavaScript, SQL және басқа тілдерде код жаза алады.
  • Сөйлескен кезде контексті есте сақтайды
  • Мақала, пост, эссе, сценарий жаза алады.

ChatGPT-ді тегін қолдануға болады. Сонымен қатар оның Plus (айына 20 доллар) және Pro (айына 200 доллар) және бизнеске арналған ақылы тарифтері де бар. Сәйкесінше, әр тарифтің мүмкіндігі әртүрлі.

Appfigures статистикасына сәйкес, ChatGPT-ді пайдаланушылардың жартысынан астамы 25 жасқа толмаған. Жастар оны оқу, жұмыс және ойын-сауық үшін белсенді пайдаланады. Pew зерттеу орталығының мәліметі бойынша, ChatGPT-ті үй тапсырмалары мен күнделікті тапсырмаларды орындау үшін пайдаланатын жасөспірімдердің пайызы бір жылда екі есе өскен.  Ал 50-64 жас аралығындағы қолданушылар 20,2 пайызды құрайды. Ересектер де жасанды интеллектіні күнделікті тапсырмаларды орындауға және жеңілдетуге қолданады.


Оқи отырыңыз: Илон Маск: 2028 жылға қарай жасанды интеллект адам қолынан келетін дүниелерді түгел үйренеді


DeepSeek

DeepSeek – Қытайлық DeepSeek AI компаниясы жасаған үлкен тілдік модель. Бұл жүйе OpenAI-дың GPT-4 моделіне балама ретінде жасалған.

Соңғы айларда бүкіл әлем DeepSeek-ті белсенді түрде талқылап жатыр. 2025 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша чат-бот барлық аймақта жүктеп алу бойынша бірінші орында болды.

Аталған ЖИ моделін оқыту үшін өзгелерінен 14 есе аз инвестиция кеткен. Осыдан кейін америкалық технология компанияларының акциясы құлдырады. Соның ішінде Nvidia акциялары құнының 17 пайызын жоғалтты. 

DeepSeek не істей алады?

  • GPT-4 деңгейіндегі ашық кодты балама болғандықтан, оны әзірлеушілер мен компаниялар өз жүйелеріне оңай бейімдей алады.
  • Ең ірі LLM модельдерінің бірі. Оның көлемі 236 млрд параметрден асады.
  • Қытай, ағылшын және басқа тілдерде жұмыс істейді.
  • Күрделі тапсырмаларды тез өңдейді.
  • Код жаза алады және аналитикалық есептерді жақсы шешеді.

DeepSeek-тің барлық мүмкіндігін пайдалану үшін ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ. Ол мобильді қосымшада да, компьютерде де тегін жұмыс істейді.

Qwen

Qwen немесе Tongyi Qianwen – Alibaba компаниясы жасаған жасанды интеллект. Бұл модель бизнеске, электрондық коммерцияға және автоматтандырылған қызметтерге арналған. 

Жуырда Alibaba платформасы Qwen2.5 тобына екі жаңа модель: Qwen2.5−7B-Instruct-1M және Qwen2.5−14B-Instruct-1M қосылғанын хабарлады. Танымал DeepSeek сияқты, жаңа чат-боттардың бастапқы коды ашық. 

Сынақ кезінде ЖИ 1 млн таңбасы бар құжаттардан жасырын ақпаратты дәл шығара алған. Qwen2.5−14B-Instruct-1M бірнеше деректер жиынында GPT-4o-mini-ден асып түсетіні айтылып жатыр.

Qwen не істей алады?

  • Alibaba экожүйесіне толықтай интеграцияланған, яғниTmall, DingTalk, AliExpress сияқты сервистермен үйлесімді.
  • Мәтін жазу, сұхбат жүргізу, аударма жасау, тұтынушыларға қолдау көрсету сынды функциялары бар.
  • Бизнесте электрондық хаттарды дайындау, құжаттарды өңдеу, тұтынушылармен өзара әрекеттесу сынды мақсатта қолдануға болады.
  • Қытай, ағылшын және басқа тілдерді “біледі”. Alibaba платформаларында халықаралық нарықтар үшін ыңғайлы.
  • Сурет және видео жасай алады.

Qwen толықтай тегін жұмыс істейді. 

Gemini

Gemini – Google компаниясы әзірлеген жасанды интеллект моделі, бұрын Bard деп аталған. Ол мультимодальды, яғни мәтін, сурет, аудио және видео өңдей алады.  

Gemini не істей алады?

  • Қазақ, ағылшын, орыс және басқа тілдерде жұмыс істейді.
  • Google іздеу жүйесімен интеграцияланған, ең өзекті ақпаратты бере алады.
  • Мәтін, сурет, аудио және видео өңдеу сынды қабілеті бар.
  • Google Workspace-пен үйлесімді: Gmail, Docs, Sheets, Slides арқылы жұмыс істей алады.
  • Күрделі тапсырмаларды өңдеу мүмкіндігі жоғары.
  • Python, JavaScript, C++ және басқа тілдерде код жаза алады.
  • Бизнес API арқылы интеграциялап, жұмысына енгізе алады.

Gemini-дің тегін нұсқасы бар. Алайда ЖИ-дің барлық мүмкіндігін қолдану үшін Gemini Advanced нұсқасын (айына 19,99 доллар) қосу қажет. 

Жуырда Google компаниясы нейрондық желінің жаңартылған Gemini 2.0 Flash нұсқасын ресми түрде таныстырды. Бұл алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда айтарлықтай жетілдірілген: модель мәтінмен, кодпен және суреттермен жұмыс істеуде жылдамырақ, дәлірек және тиімдірек болды. Жаңа нұсқа қазірдің өзінде веб-нұсқада және мобильді қосымшаларда бар, ең бастысы, оны тегін пайдалануға болады.

Claude

Claude – Anthropic компаниясы әзірлеген үлкен тілдік модель. Қауіпсіз әрі сенімді ЖИ саналады, әсіресе корпоративтік сектор мен аналитикалық тапсырмаларға арналған.

2024 жылдың басында Chatbot Arena платформасында пайдаланушылар әртүрлі ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттардың мүмкіндігін салыстыра отырып,  Claude 3 тіл үлгісі GPT-4-тен басым екенін анықтаған.

Claude не істей алады?

  • Этика мен қауіпсіздікке қатты мән береді.
  • Көлемді мәтіндерді өңдеуге және есте сақтауға қабілетті (100K токенге дейін).
  • Күрделі сұхбаттар мен тапсырмаларды орындай алады.
  • Мәтіндерді талдау, қорытындылау және ақпаратты өңдеуде тиімді.
  • Бизнеске қолайлы – құжаттарды өңдеу, аналитика, тұтынушыларға қызмет көрсету салаларында қолданылады.

Егер сізге қарапайым чұхбат пен мәтіндерге қатысты көмек керек болса, Claude тегін нұсқасын қолданып көруге болады. Ал күрделі тапсырмалар үшін Claude Pro (айына 20 доллар) немесе Claude Business тарифі бар.

LlaMA

LlaMA (Large Language Model Meta AI) – Facebook, WhatsApp және Instagram-ның “атасы” Meta компаниясы әзірлеген үлкен тілдік модель. 

LLaMA 3.2 негізгі ерекшелігі – пайдаланушының құрылғысында тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі. Ол арқылы ұялы телефонда, планшетте немесе тіпті смарт көзілдіріктерде мәтінді, аудио және бейнені тікелей өңдеуге болады. Сонымен қатар аталған ЖИ интернетсіз де жұмыс істей алады. 

LlaMA не істей алады?

  • Meta өнімін ашық түрде ұсынады, сол себепті оны зерттеу жұмыстарында қолайлы.
  • Бірнеше өлшемде қолжетімді болғандықтан,  әртүрлі қолданушылар мен жүйелер үшін ыңғайлы. Оның 7B, 13B, 30B, 65B параметрлері бар.
  • Күрделі тапсырмаларды орындай алады.
  • Орташа деңгейдегі серверлер мен құрылғыларда жұмыс істеуге ыңғайлы.
  • 100-ге жуық тілде “сөйлейді”, әсіресе латын және кириллица әліпбиін қолданатын тілдерге басымдық берілген. 

Meta өнімі барлық қолданушы үшін тегін. 

Серіктестер жаңалықтары