Тікелей эфир

Илон Маск: 2028 жылға қарай жасанды интеллект адам қолынан келетін дүниелерді түгел үйренеді

Оның айтуынша, ЖИ жыл сайын 10 есе дамып келеді.

АҚШ миллиардері, инженер Илон Маск жасанды интеллектінің дамуы бойынша жаңа болжам жасады, деп хабарлады ixbt.com.

Илон Масктың сөзінше, жыл сайын жасанды интеллектінің дамуы бойынша жағдай кем дегенде 10 есе жақсарып келеді. Алдағы 4-5 жыл ішінде жасанды интеллект қазіргіден 10 мың не тіпті 100 мың есе дами түсуі мүмкін. 

Америкалық инженер өте қысқа мерзім ішінде, шамамен 2028 не 2029 жылға қарай жасанды интеллект қазір адам қолынан келетін дүниенің бәрін жасауға қабілетті болатынына сенімді. 

Сондай-ақ, ол жасанды интеллектінің дамуы адамзат үшін қандай қауіп төндіретіні туралы да ойын айтқан. Илон Масктың сөзінше, мұндай қауіп мүлде жоқ емес, дегенмен, ол 10 не 20 пайыздан аспауы тиіс. 

"Бәрі жақсы болатынына сенемін. Дегенмен, жағдай біз ойлағаннан басқаша болып кетуінің ықтималдығы бар. Ол 10-20 ғана шамасында. Меніңше, жасанды интеллектінің дамуы көбіне экзистенциялық қауіп (қауіп, сенімсіздік жағдайы, өмірдің мағынасының жойылуы – ред.) төндіретін секілді. Біз осыған көбірек мән беруіміз керек", – деді Илон Маск. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары