USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

2025 жылы қай елде арзан демалуға болады? Қазақстандықтарға арналған 7 бағыт

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Бұл елдерге бару үшін алдын ала виза жасатудың қажеті жоқ.

Қазақстандықтар бірнеше елге қолжетімді бағада саяхаттап, демала алады. Олардың қатарында Катар, Вьетнам, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Мысыр және Грузия бар. Бұл елдерге бару үшін алдын ала виза жасатудың қажеті жоқ әрі демалыс шығындары да салыстырмалы түрде төмен. Олар туристерге не үшін қызық? Қандай тартымды тұстары бар? Informburo шолу жасап көрді. 

Катар

Доха | Фото: Pareekshith Indeever

Катар – Парсы шығанағының жағасында орналасқан, соңғы жылдары туристер арасында танымал бағытқа айналған мемлекет. Бұл ел өзінің заманауи сәулеті және араб мәдениетімен танысу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Виза талаптары жеңілдетілгендіктен, Катар қазақстандық туристер үшін қолжетімді әрі қызықты демалыс орны саналады.

Катардың астанасы Доха – заманауи және дәстүрлі араб мәдениетінің ерекше үйлесімі. Қалада әлемге әйгілі Бурдж Доха, Aspire Tower және The Pearl-Qatar сияқты көрікті жерлер орналасқан. Корниш жағалауы – серуендеу мен теңіз көрінісін тамашалауға арналған тамаша орын.

Тарих пен мәдениет: Қалада әлемдегі ең ірі ислам өнері топтамаларының бірін тамашалауға мүмкіндік беретін Ислам өнері мұражайы, елдің тарихын интерактивті форматта таныстыратын Катар ұлттық мұражайы, ұлттық калорит ошағы Souq Waqif базары бар. Сонымен қатар Катар 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін халықаралық спорт аренасында ерекше орын алды. Aspire Zone кешені мен заманауи стадиондар туристерге де ашық.

Souq Waqif базары | Фото: Alex P

Экстремал демалыс: Туристер сафариде түнеп, джиппен серуендеп, сирек кездесетін табиғи құбылыс – Khor Al Adaid теңіз шөлін көре алады. 

Жағажай демалысы: Катардың таза жағажайлары демалуға, жүзуге және су спорт түрлеріне арналған. Sealine Beach және Katara Beach ең танымал орындардың қатарына жатады.

Катар асханасы: Қатардың асханасы араб, парсы және үнді әсерінен қалыптасқан. Бұл елдің туристер арасында танымал бірнеше тағамдары бар. Атап айтқанда: тауық немесе қой еті, күріш және арнайы дәмдеуіштермен дайындалған дәстүрлі араб тағамы – бирьяни;  қызыл бұршақ пен күріш қосылған бұқтырылған ет тағамы –  махбух; жүзім жапырағына оралған варак-энаб.

Вьетнам

Нячанг | Фото: Quang Nguyen Vinh

Вьетнам – Оңтүстік-Шығыс Азияның экзотикалық мәдениеті мен ғажайып табиғаты үйлескен ерекше мемлекеті. Бұл ел жасыл таулары, алтын жағажайлары, дәмді асханасы және тарихи мұраларымен саяхатшыларды баурап алады.

Табиғат ғажайыптары: Мұнда әлемдегі ең әдемі табиғи орындардың бірі саналатын Халонг шығанағы бар. Ол әк тастарынан құралған мыңдаған аралдардан тұрады. Туристер бұл жерде әдетте қайықпен серуендейді.

Сонымен қатар Сапа тауларынан жасыл төбелер мен күріш террассаларының ғажайып көрінісін тамашалап, жергілікті тұрғындармен танысып, олардың мәдениетін жақыннан сезіне аласыз.

Ал әлемдегі ең үлкен үңгірлер мен әсем табиғи ландшафты көру үшін Фонгня-Кебанг ұлттық паркіне баруға болады. 

Фукуок | Фото: Quang Nguyen Vinh

Жағажай демалысы: Вьетнам – жағажай демалысының жұмағы. Ең танымал орындар: Нячанг, Фукуок аралы, Дананг. Нячанг – қолайлы климат пен арзан жағажай курорттары, Фукуок аралы – таза жағажайлар мен люкс қонақүйлерімен танымал болса, Дананг жағажай демалысы мен түнгі өмірді біріктіреді.

Тарих пен мәдениет: Елдің астанасы Ханой тарихи орындар мен француз архитектурасының көріністерімен танымал. Ал Хошимин қаласында Вьетнам соғысы кезіндегі мұражайлар мен туннельдер бар. Хюэ қаласы – елдің бұрынғы астанасы. Ол тарихи сарайлары мен императорлық мазарлары арқылы таңғалдырады.

Асханасы: Ең танымал тағамдар қатарында "Фо" (Pho ) күріш кеспесі қосылған сорпасы, "Бан ми" (Banh Mi) әртүрлі көкөністер мен ет қоспаларымен дайындалатын сэндвичі, күріш қағазына оралған көкөніс пен теңіз өнімдері және Вьетнамның қою сүті қосылған кофесі бар.

Таиланд

Краби | Фото: Nextvoyage

Таиланд – Оңтүстік-Шығыс Азияның жүрегі. Ол экзотикалық табиғаты, бай мәдениеті және қолжетімді бағаларымен әлем бойынша туристердің сүйікті бағытына айналған ел. 

Жағажай демалысы: Таиландтағы Пхукет, Паттайя, Краби және Самуи аралы әлемнің ең үздік жағажай курорттарының қатарына кіреді. Ақ құмды жағажайлар, мөлдір су, пальма ағаштары мен тропикалық өсімдіктер көздің жауын алады. Мұнда су спортымен айналысуға, серфиң немесе снорклиң жасауға болады.

Табиғат ғажайыптары: Таиландтың солтүстік бөлігіндегі Чиангмай мен Чианграй қалалары таулы аймақтарда орналасқан. Бұл жерде жасыл ормандар мен күріш террассаларының әсем көрінісі ашылады. Сонымен қатар Пай аңғары, Дой Интханон ұлттық паркі секілді орындар ерекше қызығушылық тудырады.

Пхукет | Фото: Quang Nguyen Vinh

Мәдениет және тарих: Таиланд – әсем храмдар елі. Бангкоктағы әйгілі Ват Пхо мен Ват Арун храмдары, Чиангмайдағы мыңдаған жылдық тарихы бар ғибадатханалар, Сукхотай мен Аюттхаяның ежелгі астаналары тарихқа қызығатын туристерді бейжай қалдырмасы анық.

Асханасы: Пад тай, том ям, манго стикки райс және көше тағамдары туристердің арасында танымал. 

Біріккен Араб Әмірліктері

Дубай | Фото: Lina Kivaka

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) – әлемдегі ең заманауи әрі сән-салтанатқа толы елдердің бірі. Бұл мемлекет таңғажайып сәулеті, ерекше көрікті жерлері мен тамаша жағажайларымен танымал. 

Аңызға айналған ғимараттар: БАӘ әлемге әйгілі сәулет туындыларымен таңғалдырады. Дубайдағы Бурж Халифа – әлемдегі ең биік ғимарат, оның биіктігі – 828 метр. Сонымен қатар, Бурж Аль Араб 7 жұлдызды қонақ үйі, Пальма аралы және Дубай моллы сияқты зәулім ғимараттар Дубайдың символына айналған.

Шопинг пен ойын-сауық: Дубай моллы – әлемдегі ең үлкен сауда орталығы, онда дүкендер, аквариумдар, мұз айдыны, және басқа да ойын-сауық орындары бар. Сонымен қатар, БАӘ-нің дүкендерінде алтын мен бағалы әшекейлердің кең таңдауы ұсынылады. Базарлар мен сауда орталықтарында әлемнің әйгілі брендтерін табуға болады.

Сонымен қатар мұнда халықаралық спорт шаралары мен байқауларыжиі ұйымдастырылады. "Формула-1" жарысы, теннис турнирлері және үстел теннисінен чемпионаттар елдің спорттық өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Сондай-ақ, мәдени іс-шаралар, концерттер мен фестивальдер туристердің қызығушылығын тудырады.

Абу-Даби | Фото: Kevin Villaruz

Экстремал демалыс: БАӘ шөлінде сафари жасау – ерекше тәжірибе. Шөл сафариі кезінде құмды төбелерде джиппен немесе түйемен серуендеуге болады. 

Жағажай демалысы: Дубай мен Абу-Дабидің жағажайларында жағажай клубтары, дайвиң, жүзу және су спорты түрлері кеңінен дамыған. Джумейра жағажайы мен Корниш жағажайы туристер арасында ең танымал демалыс орны болып саналады.

Асханасы: Туристер арасында хумус – бұрыш пен зәйтүн майы қосылған бұршақ пюресі; ет, көкөністер мен арнайы соус қосылған пите нанында жасалған шауырма; бұқтырылған бөде етінен самман; ет, күріш және дәстүрлі даккус тұздығынан дайындалатын дәстүрлі араб тағамы – мачбус және лукум, кнафе тәттілері танымал.

Мысыр

Каир | Фото: Marcel Winger

Мысыр – әлемнің ең көне өркениеттерінің бірі. Африка құрлығында орналасқан бұл мемлекет әлемдегі ең әйгілі ескерткіштері мен араб мәдениеті арқылы танымал. 

Тарих және мәдениет: Мысырдың ең танымал көрікті жері – Гиза пирамидалары. Бұл ғажайып құрылымдар мен Сфинкс мыңдаған жылдар бойы адамдарды таңқалдырып келеді. Мысырдың ескі астанасы Фивы және Карнак храмдары, Луксор мен Абу-Симбел сияқты ежелгі ескерткіштер тарихи саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл елде ежелгі араб өнері мен қолөнері, музыка мен би дәстүрлері сақталған. Базарлар мен көпшілік орындары шынайы араб мәдениетінің айқын көрінісін сақтап қалған. 

Табиғат ғажайыптары: Ніл өзенінің жағасында орналасқан көне қалалар мен ауылдар араб әлемінің бай мәдениеті мен тарихын көрсетеді. Нілде круиз жасап, елдің ескі қалалары мен тарихи орындарын тамашалауға болады. 

Шарм-Эль-Шейх | Фото: Vika Glitter

Жағажай демалысы: Мысыр жағажайлары – демалуға, су спортымен айналысуға және күнге күйіп демалуға арналған тамаша орындар. Хургада және Шарм-Эль-Шейх курорттары әлемге әйгілі туристік бағыттар қатарында. Мұнда коралл рифтеріне сүңгу, дайвиң пен снорклиң жасауға болады. Синай түбегі де экзотикалық табиғатымен танымал.

Асханасы: Елдің ең танымал тағамдары арасында күріш қосылған кептер етінен жасалған хамам-махши, түрлі тұздықтармен қуырылған бауырдан жасалатын кебда сияқты тағамдар бар. 

Түркия

Анталья | Фото: Vildan Akıncı

Түркия – Азия мен Еуропа континенттері арасында орналасқан ел, оның тарихы мен мәдениеті әлемге әйгілі. Түркияның керемет табиғаты, бай мәдени мұрасы, тарихи ескерткіштері мен жағажайлары оны әлем бойынша ең танымал туристік бағыттардың біріне айналдырып отыр.

Жағажай демалысы: Түркияның жағажайлары әлемдегі ең жақсы курорттық аймақтардың қатарына кіреді. Анталия мен Бодрум сияқты қалалар – Жерорта теңізінің жағасындағы ең танымал демалыс орындары. Жағажайларда су спортымен айналысу, күнге күйіп демалу, балық аулау сияқты демалыс ұйымдастыруға болады.

Тарих және мәдениет: Түркияның мәдениеті мен тарихы өте бай. Елдің Ыстанбұл қаласы – Еуропа және Азия мәдениетінің тоғысқан нүктесі. Айя-София, Сұлтан Ахмет мешіті және Топкапы сарайы сияқты тарихи ескерткіштері бар. Сонымен қатар Жеті кереметтің бірі – Артемида храмы мен ежелгі Эфес қаласы осы елде. Түркиядағы Эфес және Памуккале сияқты көне қалалар мен табиғи ғажайыптар туристерге ерекше әсер қалдырады. Каппадокияның ғажайып үңгірлері мен ауа шарларына міну – ең танымал бағыттардың бірі.

Селчуктағы көне қала | Фото: Joan Costa

Табиғат ғажайыптары:  Каппадокияның таңғажайып ландшафы, Ликия жолы мен Трабзон маңындағы жасыл ормандар – табиғат аясындағы демалысты жақсы көретін туристер үшін тамаша орындар. Памуккаледегі термалды су көздері де туристер арасында танымал.

Асханасы: Жергілікті тағамдардың ішінен кебаб, пиде, баклава, долма және хумус сияқты тағамдар көпшілікке таныс. Түрік шайы мен кофесі де туристер арасында танымал. 

Грузия

Батуми | Фото: Anastasia Lashkevich

Грузия – Кавказ тауларының баурайында орналасқан, тарихы мен мәдениеті терең ел. Бұл елдің табиғаты мен мәдениеті қазақстандық туристерді баурап алары сөзсіз.

Табиғат ғажайыптары: Грузиядағы Кавказ таулары мен Лазистан жазығы табиғатта демалуды ұнататын туристер арасында танымал. Ал Гудаури мен Местия сияқты тау шаңғысы курорттары қысқы демалыс үшін өте ыңғайлы. Казбеги ұлттық паркі мен Гергети шіркеуі тау арасында орналасқан, бұл жерлер өздерінің таңғажайып сұлулығымен таңқалдырады.

Тарих және мәдениет: Тбилиси қаласының маңында орналасқан ежелгі астана Мцхета, Светицховели шіркеуі мен Ушгули сияқты ортағасырлық ескерткіштер, сондай-ақ ежелгі Вардзия үңгір қалашығы туристерді ерекше әсерге бөлейді. Гелати монастыры мен Джвари монастыры сияқты діни орындар да көруге тұрарлық жерлер қатарында.

Мцхета | Фото: Sylwia Bartyzel

Жағажай демалысы: Грузияның жағажайлары Қара теңізі мен Жерорта теңізінің аралығында орналасқан. Ең танымал жағажай курорттарының қатарында Батуми, ⁠Уреки, Кобулети, Гонио, Лази жағажай курорттары бар. Жағажайларда парасейлиң, серфиң, виндсерфиң, кайтсерфиң сынды спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

Асханасы: Хачапури, хинкали, пхали, лобио сияқты ұлттық тағамдары бар. Грузин нанымен бірге ұсынылатын ащы соустар мен үй тағамдары да ерекше.

Сонымен қатар Грузия әлемдегі ең көне шарап жасаушы елдердің бірі ретінде танымал. Кахетия аймағы әлемге әйгілі шарап өндіреді. Мұнда туристер шарап жасау процесін көріп, дәмін тата алады. 

Серіктестер жаңалықтары