Тікелей эфир

Қуырдақ, сірне, қымыз. Моңғолия қазақтарының ұлттық 10 тағамы

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Ұлттық тағамдардың дені ет пен сүт өнімдерінен әзірленеді.

Моңғолиядан ақпарат тарататын Kaznews.mn ақпарат агенттігінің сайтында жергілікті қазақтардың ұлттық тағамдарын тақырып еткен танымдық материал жарық көрді. Бұл материалда автор 10 ұлттық тағамды тізіп шыққан:

№1. Ет тамақ

Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Ет отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады. Кей өлкеде еттің сорпасы қатықпен езіліп қоюландырылған тұздықпен беріледі.

Сурет Kaznews.mn сайтынан алынды

№2. Қуырдақ

Қазақтар, моңғолдарда ет сарымсақпен қуырылып берілетін дәстүрлі тағам. Қуырдақ жаңадан сойылған қой немесе сиыр және жылқы етінен: бауыр, жүрек, өзге еттерден әзірленеді. Қазіргі кезде тағамға картоп, сәбіз, бұрыш көкөністерін қосады. Ұн қуырдақ, қара қуырдақ, картоп қуырдақ сияқты бірнеше түрі бар.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұлттық бренд жасап дамытуға болатын қандай тағам бар?


№3. Қазы, қарта

Түркі халықтары арасында дәмді тағам ретінде саналатын, жылқы етінен дайындалатын шұжық. Жылқының ішегіне қабырға етін салу арқылы дайындалады. Қарта – жылқының ішекке тығылған еті. Жуылып, тұздау арқылы дайындалады. Піскен күйде ұсынылады. Қазы мен қарта көбінесе бірге пісіріледі және бір үлкен тағам ретінде ұсынылады.

Сурет Kaznews.mn сайтынан алынды

№4. Сірне

Сірне бағланның етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын қазақтың дәстүрлі асы. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ, ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төңкеріл, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап қана су құюға болады.


Оқи отырыңыз: Өкпесүт, үлпершек, ақ тағам. Ұмыт боп бара жатқан ұлт тағамдарын жаңғырту жолы қандай?


№5. Жал

Бұл жылқы жалының майы. Жылқының жалын алған кезде, мойынның біраз еті алынады. Жылқы етінің майлы кесегі болып саналады. Қақталып пісіріледі де, суық күйінде ұсынылады. Жал сиырдың сан еті – жаямен беріледі.

№6. Қымыз

Биенің сүтінен дайындалатын қышқыл сүт өнімі. Қазақтардың, моңғолдардың дәстүрлі сусыны болып табылады. Моңғолияда ең танымал қымыз ол – Булган аймағының қымызы. Ал, Баян-Өлгий аймағында қыс мезгілінде де қымыз сатылады. 

Сурет Kaznews.mn сайтынан алынды

№7. Айран, құрт

Айран түркі халықтарының қышқыл сүт өнімінің түрі. Ал, құрт сүт өнімдерінен жасалатын тағам. Қақталған және қатты ірімшікті ашытқыда қайнатылған сүттің негізінде жасайды. Сүзбені кішігірім бөліктерге бөледі. Кейін оларды тақтаға жайып, екі-төрт күн кептіреді. Дәмі тұзды және оны ұзақ уақыт сақтауға болады.

Көшпенді халықтарда құрт әртүрлі болып келеді. Барлығы бірегей қатықтың ашытқысына және бастапқы шикізатқа, яғни сүтке байланысты.


Оқи отырыңыз: Қазақ бренді


№8. Бауырсақ

Қазақтардың және басқа түркі халықтардың ұннан жасалатын дәстүрлі тағамы. Әдетте тұщы немесе ашытқан қамырдан шағын дөңгелек немесе шаршы бәліштер жасалып, қазанда пісіріледі.

Сурет Kaznews.mn сайтынан алынды

№9. Талқан, жент

Ұсақталып қуырылған арпа. Талқан қасиетті өнім болып саналады.

Жент – шай дастарқанына қойылатын ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған тағам.

№10. Қаймақ

Қышқыл сүт өнімі. Пісірілген сүттің бетін ашып, салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршықтанып қаймақ жиналады. Қаймақтың қоюлығы сүттің құнарлығына да байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болып келеді. Оны көбінесе Моңғолия қазақтары нан немесе бауырсақпен жейді.

Серіктестер жаңалықтары