Тікелей эфир

Ресей президенті мектеп жасындағы балалары бар отбасына 10 мың рубль беруді ұсынды

Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар үшін де әлеуметтік төлем төленеді.

Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналысқа жолдауында елде жаңа әлеуметтік төлемдер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға тағы бір жолғы төлем – оқушылардың бәріне 10 мың рубльден беруді ұсынамынмын. Бұл әлеуметтік шара биыл бірінші сыныпқа баратын оқушыларды да қамтысын. Ата-аналар балаларын мектепке дайындауға уақыт табуы үшін төлем тамыздың ортасында аударылады", – деді Ресей президенті Владимир Путин.


Оқи отырыңыз: Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер


Ол толық емес, ата-аналары ажырасқан және олардың біреуі алимент алуға құқығы бар отбасыларда өсіп жатқан балаларды қолдау қажет екенін айтты. 8-ден 16 жасқа дейінгі толық емес отбасы балаларына айына 5 650 рубль төленеді.

Владимир Путин қиын жағдайға тап болған жүкті әйелдерге айына 6 350 рубль төлеуді ұсынды. Ал жеті жасқа дейінгі балаға күтім жасау үшін еңбекке жарамсыз болған кезде табыстың 100%-ы толық төленеді.

Серіктестер жаңалықтары